«Жастар Рухы»: вандализмге қарсы петицияға 16 мыңнан астам қазақстандық қол қойды

«Жастар Рухы»: вандализмге қарсы петицияға 16 мыңнан астам қазақстандық қол қойды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында заңды қатаң сақтауды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Президент даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне назар аударды.

Мәселені шешу үшін жастар қанатының белсенділері мен жақтастары өткен жылы тарихи ескерткіштерді, табиғи саябақтар мен қасиетті орындарды бұзақылық пен вандализмнің іздерінен тазартуға кірісті. Мысалы, «Жастар рухының» 50-ден астам белсендісі «Жұмақтас» жартасынтазалап, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сенбілік өткізді. Сонымен қатар жастар қанатының мүшелері Алматы облысындағы Іле өзенінің бойында орналасқан «Тамғалы тас» шатқалынан 100 қап қоқыс шығарды. Қостанай облысы Мичуринское ауылында «Жастар Рухы» белсенділері Ыбырай Алтынсарин кесенесінің аумағында сенбілік ұйымдастырды. Мұндай іс-шаралар елдің өзге өңірлерінде де өтеді.

Барлығы 1500-ден астам «Жастар Рухы» белсенділері мен еріктілері 500-ден аса табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерді тазартты.

Акцияға қоғам белсенділері де қосылды. Мәселен «Kaz Alpine Сlub» бірлестігінің басшысы Денис Лукьянчук өткен жылдың 13 қарашасында Ұлттық мұраны қорғау жөнінде петиция бастады.

Жарты жылға жетпей бұл бастаманы 16 мыңнан астам адам қолдады. «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері барлық қазақстандықты өзекті мәселеден тыс қалмауға және петицияға қол қоюға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу