Қостанайлық жастар жақсылық жасау акциясын бастады

Қостанайлық жастар жақсылық жасау акциясын бастады

Қасиетті Рамазан айы – жақсылық пен игі істер айы. Бұл айда игі іспен айналысып, сауап жинаған абзал.

Қостанайлық «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері ізгі істен ешқашан құр қалған емес. Олар «Рамазан ішіндегі жақсылықтар»  акциясын бастады.

“Акция аясында сыртта жұмыс істейтін азаматтарға, жаяу жүргіншілерге ауызашарға арналған су, құрма және ораза кестесі тарту етілді. Қасиетті айда игілікті іс жасап, көптің  алғысын алған жөн. Біздің рухтастар қоғаммен тығыз байланыста”, – дейді облыстық “Жастар рухы” төрағасы Аружан Сарсенбаева.

Б. МЕЙРАМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу