Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 31 боксшымыз финалға шықты.
Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады.
1 Қазақстан — 31
2 Өзбекстан — 30
3 Үндістан — 21
4 Украина — 12
5 Иран — 6
6 Иордания — 4
Айта кету керек, бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15 және 17 жастағы өрендерге арналған алғашқы құрлықтық жарысы. Байрақты бәсекеге 18 елден 400-ден аса қатысушы жиналды.
Финал 29-30 сәуірге жоспарланған.