“Жасөспірім” алдын алу шарасы: полиция ата-аналарға үндеу жасады

“Жасөспірім” алдын алу шарасы: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Қостанай облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері түнгі уақытта ересектердің қадағалауынсыз көшеде жүрген 900-ден астам кәмелетке толмаған баланы анықтады.

Заңнамаға сәйкес, 18 жасқа дейінгі балаларға сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз немесе заңды өкілдерсіз көшеде жүруге тыйым салынады.

Бірінші ереже бұзушылық үшін ата-аналар ескерту алады. Алайда бір жыл ішінде қайталанса, кәмелетке толмаған бала профилактикалық есепке қойылады, ал ата-аналар 27 500 теңге (5 АЕК) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

“Жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында, сауда орталықтарында, компьютерлік клубтарда, барлар мен кафелерде ересектерсіз болу жағдайлары ерекше алаңдаушылық туғызады. Соңғы аптада 45 осындай жасөспірім анықталды. Заң кәмелетке толмағандардың ата-анасыз 22:00-ден кейін мұндай мекемелердге баруына қатаң тыйым салады. Бұл ретте жауапкершілікті тек ата-ана емес, сондай-ақ мекемелердің әкімшілігіне де жауапкершілік қарастырылған”, делінеді облыстық ПД хабарламасында.

“Жасөспірім” жедел алдын алуа шарасы 10 сәуірден 6 мамырға дейін Қазақстан аумағында өткізіледі.

Алғашқы күні полицияға әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 19 жасөспірім жеткізілді. Барлығы 26 құқық бұзушылық тіркелген.

“Жасөспірім” операциясының бірінші күні Қостанайдың компьютерлік клубтарының бірінде қыздың телефонында туған күні өзгертілген электрондық құжатты көрсетіп, полицейлерді алдауға тырысқан жағдайы анықталды. Онда оның 18 жасқа толғаны көрсетілген. Алайда ювеналды полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасы арқылы оның кәмелетке толмағанын тез анықтады. Кейінірек қыз мобильді қосымшаның көмегімен құжатта туған күнін өзі өзгерткенін мойындады. Нәтижесінде оның ата — анасына 3 АЕК (11 700 теңге), ал компьютерлік клуб иелеріне 10 АЕК айыппұл салынды”, – дейді полиция.

Рейдтік шаралар барысында полиция қызметкерлері түнде көшелерде бейсауат жүрген 11 жасөспірімді анықтады. Барлық ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Полиция атынан ата-аналарға үндеу
Балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең алдымен сіздің жауапкершілігіңіз. Кәмелетке толмағандардың түнде немесе ересектердің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуы заңды бұзу ғана емес, олардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Жасөспірімдер қылмыстың құрбаны болуы мүмкін, заңсыз әрекеттерге итермелейтін топтарға түсуі немесе ешкім уақытында білмейтін қиын өмірлік жағдайға тап болуы мүмкін. Біз сізді балаларыңыздың кешкі және түнгі уақытта қай жерде екенін бақылауға, олардың айналасы мен бос уақытына қызығушылық танытуға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз”, – деп ескертеді полиция.

Жаңалықтармен бөлісу