Жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды

Жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен бірге БАӘ Инвестициялар министрі Мохамед Хасан Алсувайдимен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен. Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ, БАӘ Инвестициялар министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Стратегиялық құжат елімізде  іске асырылатын деректерді өңдеу орталықтарының  инвестициялық жобаларының негізін құруға бағытталған. Екі ел арасындағы берік әрі тиімді ынтымақтастықты қалыптастырады. Тиісті бастамаларды қолдауға ынталандырып, білім алмасуға жәрдемдеседі.

Бағдат Мусин Абу-Дабидегі іс-сапары аясында Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхаммен де кездесті. Кездесуде IT саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалары талқыланды. Бұған дейін Томас Прамотедхам Қазақстанға Digital Bridge форумына қатысу үшін келген болатын.

Presight AI – G42 тобына кіретін жасанды интеллектке негізделген үлкен деректерді талдау саласында жетекші компания. G-42 тобы – жасанды интеллект пен бұлтты есептеулерге маманданған жаһандық көшбасшы.

Жаңалықтармен бөлісу