Қостанай гумманитарлық колледжінің жас оқытушысы Береке Тыныштық еңбек жолын енді ғана бастаса да, елеулі істердің ұйытқысы болып жүрген маман. Өзіне тән бастамашылдығымен, жауапкершілігімен оқ бойы озық келеді.
Береке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақ филологиясы мамандығы бойынша білім алған. Университет қабырғасында оқып жүріп-ақ, «Ахмет ұрпақтары» мен «Парасат» пікірсайыс клубтарының белсенді мүшесі ретінде танылып, көшбасшылық қабілетін, ойын еркін жеткізу дағдысын шыңдай білді. Бұл тәжірибе оның ұстаздық жолына үлкен дайындық болды. Ал қазір сол ортада өзі студенттер тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып жүр.
«Мектепті тәмандаған соң мектептегі ұстазымның нұсқауымен, өзімнің жүрек қалауыммен филология мамандығын таңдадым. Ахаң атындағы білім ордасында студенттік кезеңім жақсы болды. Университеттің әлеуметтік өміріне араласып, «Ахмет ұрпақтары» мен «Парасат» дебат ұйымдарында шыңдалдым. Оқу орын қабырғасында ұстазым Шынар Исламбекқызының дамуыма тиген септігі орасаң зор болды. Қазіргі таңда колледжде жұмыс істеп жатырмын. Студенттермен түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, бірге ортасында жүрген өзі ме ұнайды», – дейді Береке Тыныштық.
Жас маман студенттердің денінің кітап оқуға, білім алуға деген құлшынысының кеміп бара жатқанын айтады. Сөзінше, кей студенттер қазіргі оқып жатқан мамандығына не үшін түскендерін де білмей дал болып жүреді дегенді айтады.
«Жастардың білімге құлшынысы айтарлықтай емес. Бұл жерде оқытушыға көп күш жұмсауына тура келеді. Яғни, оның санасына ерекше әсер ететіндей әдістерді қолдану қажет. Осы арқылы құлшынысын арттырып, кейін өзі іздеп келіп кеңес сұрайтындай жағдай туғызу керек. Ал қазіргі жастарда шыны керек білімге құлшыныс жоқ. Мектепті де, колледжді де, университетті де айта аламын. Кейбірі мамандықтарына не үшін түскендерін білмейді. Алған білімдерін лезде ұмытып қалады. Есте сақтамайды. Неліктен? Сол себепті мен әрқашан тек өздеріңзі қалаған мамандықты таңдаңыздар. Біреудің таңдап берген жолымен жүрмеу керек. Студенттер арасында да кейде болады, үш жыл сел-соқ қарап соңғы жылы құштарлығы ашылатын, ал кейбірі басында тым жақсы болады да, кейін зейіні жоғала бастайды. Ондай жағдай кез келген адамда болатын үрдіс шығар бәлкім. Баланың ортасы да әсер етуі мүмкін. Сол себепті айналаңдағы адамдардың жанашыр болғаны ләзім. Сондай ортада көпбірек пікір алмасып, кеңесіп, бірге жүруге тырысу керек», – дейді кейіпкер.
Ұстаз болу – жүректін батырлығы дейді. Қазіргі таңда жасанды интелект жан-жақты дамып келеді. Кейбір адамдардың алдында мұғалім еңбегінің ештігі, беделінің төмендеуі жасаны интелектің дамуы әсерінен деген пікір естіп қалып жатамыз. Осы жайлы кейіпкердің де ойын білген едік.
«Осы жылдың қаңтар айында Арқалық қаласында lesson study «Жасанды интелект – заман талабы» атты облыстық семинар өткен болатын. Сол кездегі өзекті мәселе: жасанды интелект бізге керек пе? әлде керек емес пе? деген ортаға сауал қойылды. Менің ойымша ол адамның тұтынуымен байланысты деп айтар едім. Яғни, қалай және не үшін қолданады. Ал жасанды интелект мұғалімнің орынын ешқашан алмастыра алмайды. Себебі, үйрету ол бір басқа, мұғалім болу бір бөлек. Жасанды интеллект бұл заманға сай құбылыс. Сондықтан, қалай біз үш тілділікке үйрендік, дәл солай жасанды интелектке де үйренеміз деп есептеймін», – дейді Береке Таныштық.
Колледж қабырғасында қандай да бір атаулы мерекенің басы қасында Береке жүреді. Қолына қандай істе алса да жоғары деңгейде орындап, атқарып шығады. Шалалық Берекеге жат дүние. Оны әріптестері де мойындап, қажет болған кезде өз көмектерін аямайды. Студенттердің басын біріктіріп, түрлі іс-шараны ауқымды мәнді етіп өткізу де оңай шаруа емес.
«Қандайда істі баятан-аяқ өткізіп, атқарып шығу оңай шаруа емес. Жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Мысалы, осы жылы колледжде Сәкен Сейфуллинның мерейтойын өткізген болатынмын. Жан-жақты дайындалу керек қой. Менің пайымымша, кез келген еңбектің артында үлкен қиыншылық болады. Өзің қолға алғанмен қосымша адам күші де қажет болады. Осы тұрғыдан әріптестерім мен студенттерім көп демеп келеді. Ең бастысы тәлімгерлер өмірден өз орындарын тауып, білікті маман иелері атанып кетсе деймін», – дейді Береке Тыныштық.
Алғашқы еңбек жолында-ақ өз ортасына сыйлы болып, шәкірт жүрегінен орын алған жас маманның жоспары да жоқ емес. Ол қазіргі таңда республикалық деңгейдегі байқауға дайындалып жатыр. Осы жылды жемісті, жеңісті аяқтауына біз де тілектестік білдірдік.
Алексей ТААХ
ҚӨУ студенті
Суреттері түсірген – автор