Қарғын су Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылына да жайыла бастады. Қазір елді мекен тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру шаралары басталып кетті.
Аудан әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, эвакуациялау шарасына екі “Газель” және бір жедел жәрдем көлігі жіберілген. Енді қажетті құрал-сайманмен жарақталған адамдар жұмылдырылмақ. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоларда жергілікті тұрғындар су қарқынының қатты екенін айтады. Қазір барлық ауылдық буынып-түйініп, өауіпсіз жерге көшуге қамданып отыр.
Сондай-ақ Көкалат ауылы тұрғындарының да қыр басына жиналып отырғаны туралы ақпарат бар. Енді сол тұрғындарды көшіріп әкетуге түскі сағат 12:00-де аудан әкімдігі сол елді мекенге және шаруа қожалықтарына тікұшақтар жөнелтпек.
Ахуалды “Қостанай таңы” жіті қадағалап, уақытылы ақпарат беріп отыратын болады.