Жануарлар чиптеледі

Жануарлар чиптеледі

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеуді ұсынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы Ермек Шүлден айтты.

Біздің өңірде бұл мәселе қолға алынған. Қазір барлық ірі шаруашылықтар төрт түлікті жаппай чиптеуге кірісті.

 «Барлық қылмыстардың 90%-ын құрайтын ұрлық пен мал ұрлығының жасалу себептері мен шарттарын жою шаралары қабылданады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеу негізінде мал басын есепке алуды енгізу, иесіз малға арналған қоралар жасау, ет өнімдерін өткізуге арналған жасырын сауда орындарын анықтау және жабу. Бұлардан өзге, байланыс операторларының ұрланған мобильді құрылғыларды бұғаттау, ұрланған заттарды, әсіресе ломбардтарда, комиссиялық дүкендерде сату тәртібін бақылау. Мұның барлығы цифрландыру, ауыл шаруашылығы, сауда министрліктерімен, бизнес қауымдастықпен, ұялы байланыс операторларымен және әкімдіктермен өзара әрекеттесу барысында жүзеге асырылады», – деп түйіндеді Ермек Шүлден.

 

Ш. АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

 

Жаңалықтармен бөлісу