Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің студенті Жансая Кабимуллина жақсы жетістіктермен оралды. Ол осы сайыста 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медалды қоржынға салып, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындады.
Жүлдегер спортшының жеке жаттықтырушысы – белгілі спортшы, Арқалық қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Алтынбай Болатов.
Жастардың аға тәлімгері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қостанай облыстың аға жаттықтырушысы Абай Қанатқанұлының айтуынша әйелдер арасында мұндай оң нәтиже өңірімізде соңғы он жыл көлемінде тіркелмеген көрінеді.
М.Бекетұлы
Арқалық қаласы