27 мая, 2025
Жаңа жыр жинағы жарық көрді

Жаңа жыр жинағы жарық көрді

Жақында жерлесіміз, Аманкелді ауданының тумасы Сұлтанғали Есімсейтұлының «Таныдым қара өлеңнің құдіретін» деп аталатын жыр жинағы талғампаз оқырманға жол тартты.

Бұл кітап сыртқы безендірілуіне ішкі мазмұны сай келетіндігімен ерекше құнды. Ол биыл Астана шаһарындағы баспағанадан жарық көрді, бес бөлімнен тұрады. Әрқайсының өзіндік айтары бар. Мәселен «Асыра сілтеу» поэмасы 1929 жылы басталған жаппай тәркілеумен одан кейінгі қуғын-сүргін кезеңдерін қамтыған. Оны оқыған адам көп жайды көңілдеріне тоқитындығы даусыз.

Ақынның бұл рухани дүниесіне әр жылдарда үлкен толғаныспен жазылған поэмалары, балладалары және әзіл-сықақтарыенген. Бұлардан да қаламгердің ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасын байқау қиын емес.

Кәсіби журналистің өмірден көргені мен түйгені мол. Редақторлық жауапты қызметінде талай жақсы – жайсаңдармен араласты. Олардың бәріде туған жеріне туын тіккен азаматтар. Мәселен, бұл орайда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Орал Мұхамеджанов, сатирик — жазушы Сейіт Кенжеахмет, Әбжан Әбілтайға, қаламгерлер Жақсылық Жүнісовке, Ахметхан Байжановқа, Еренғайып Әбдіхалықұлына, Жұмат Әнеске, мәдениет қайраткері Боранбай Әбеновке, айтыс ақын Бүркіт Бекетовке арнаған жыр жолдары кімді болсын терең ойға қалдырады.

Қасиетті торғай өңірінің дарынды перзентінің дайындықпен әрі тың ізденіспен жазылған кітабы әрбір есі қазақтың үйіндегі сөресінде болар қазына.

                                                                                       Оразалы Отынбайұлы