Облыс әкімі Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының басшысын қабылдады

Облыс әкімі Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының басшысын қабылдады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Жазушылар одағы  Қостанай облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жанұзақ Аязбекұлын қабылдады.

Өңірдегі маңызды әдеби жобалар, оның ішінде Міржақып Дулатовтың 140 жылдығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы дәстүрлі байқау, «Қазақ әдебиеті» және басқа да әдеби басылымдардың бастамалары және өзге де рухани іс-шаралар талқыланды. Одақ өкілі өз кезегінде өңірдегі әдеби ахауалдың жай-күйін сөзге тиек етті.

Атап айтқанда биылғы жылдан бастап өңірдегі Одақ мүшелеріне облыс әкімінің степенциясы тағайындалып, берілетін болды. Елең етерлік елеулі жаңалық – Тобыл – Торғай ақын -жазушыларының көп томдық антологиясын шығару үшін қаражат бөлініп, биылдан бастап алғашқы томдары шығарыла бастайтындығы анықталды.

Кездесу барысында Облыс Әкімі Қазақстан Жазушылар одағының ұсыныстары назарға алынатынын, алдағы уақытта өз кезегімен шешіле беретінін аңғартты.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзін:

«Қостанай облысы – мәдениет пен руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан талантты ақындар мен жазушылардың туған жері. Әдебиет пен шығармашылықты қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып қала береді», – деп түйіндеді.

Жаңалықтармен бөлісу