Жаңа жылдан бастап  жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда бола ма?

Жаңа жылдан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда бола ма?

Парламенттің кезекті отырсында «Өнеркәсіптік ипотека»  бағдарламасын құру туралы сөз қозғалды. Бұл бастаманы Respublica партиясының депутаттары өңдеу өнеркәсібі жұмысшыларына арнап әзірлеуді ұсынды.

Осы мәселені алға тартқан  Динара Шүкіжанова Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады:

“Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін үдемелі дамытудың және оның ішкі жалпы өнім құрылымындағы үлесін арттырудың маңыздылығы туралы бірнеше рет айтты. Қазір оның үлесі 13,4 пайызды құрайды. Бұл ретте салада білікті кадрлардың сауда, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі сияқты басқа салаларға кетуі проблемасы бар. Оның себебі – бәсекеге қабілетсіз жалақы. Жетіспеушілік жұмысшылардан инженерлерге дейін барлық деңгейде байқалады, – деген еді депутат.

Халық қалаулысының айтуынша, кадрлардың кетуіне жеке баспана алу үшін көбірек табыс табуға ұмтылу басты себеп болып отыр. Бизнес баспанаға деген сұранысты өз бетінше қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі таңда өнеркәсіптегі жұмысшылардың орташа жалақысы 415 мың теңгені құрайтынын ескерсек,  басқа салалармен салыстыруға келмейтіні анық. Мәселен, тау-кен өнеркәсібінде орташа жалақы 757 мың, ақпарат және коммуникация саласында – 530 мың, құрылыста – 484 мың, көлік пен қоймада – 474 мың теңге.

“Кадрлардың басқа салаларға кетуі мәселесін шешу, сондай-ақ адамдардың өндірісте жұмысын жалғастыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында біз өңдеуші «Әскери баспана» ипотекасы сияқты өнеркәсіп қызметкерлеріне 6 пайыздық мөлшерлемемен және тұрғын үй құнының 15 пайызынан бастапқы жарнамен жеңілдетілген бағдарлама әзірлеуді ұсынамыз”, – деп атап өтті Шүкіжанова.

Дереккөз: BAQ.KZ

 

Жаңалықтармен бөлісу