Ол туралы ҚР Көші-қон комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Polisia.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.
Төрағаның айтуынша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар бастапқы беру және ауыстыру мерзімі өткеннен кейін жеке куәлігін тегін алатын болады.
«ІІМ бастамашылық еткен бұл бірегей тәжірибе құжаттарды алуды жеңілдетуге және азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Алғашқы жеке куәліктер бастапқы берілген кезде тегін болады. Айтпақшы, жеке куәліктерді ауыстыру кезінде олар мемлекеттік баж төлемей — ақ дайындалатын болады», – деді Аслан Аталықов.
Қазақстан ІІМ құжаттандыру саласында цифрландыруды белсенді енгізуде. Электрондық төлқұжаттарды ресімдеу енді тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар әлемнің 71 еліндегі 99 шет елдердегі мекемелерде де қолжетімді. Шетелдегі қазақстандықтар паспортты бұрынғы 6 айдың орнына 30 күн ішінде ала алады. Азаматтарға одан да ыңғайлы болу үшін құжаттарды беруді цифрландыру және оңайлату жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
«Бізде халықты құжаттандыру жүйесі бар, ол арқылы азаматтар үшін ЖСН жасау да, Қазақстандықтарды құжаттау да жүзеге асырылады. Сондай — ақ, азаматтарды тіркеу—тіркеу, паспорттар мен жеке куәліктер дайындау жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті Аслан Аталықов.
