Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 38 бала, екінші орында – Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 отбасы толығуды атап өтті.
Ал Қостанайда 7 ер бала мен 5 қыз бала жарық дүние есігін ашты.
Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.