Жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді

Жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді

Биылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа салық кодексіне қол қойды. Құжаттағы негізгі өзгерістер туралы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мәлімдеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төленді Керімбеков пен түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу және байланыс орталығы басқармасының басшысы Зарина Бекмұхамедова баяндама жасады.

«Мұндай қадам салық жүйесіне деген көзқарасты түбегейлі жаңарту мақсатында жасалды. Жаңа Кодекс әділетті, түсінікті және қолайлы салық жүйесін қалыптастыруды көздейді. Алғаш рет салық салудың ашықтық қағидаты енгізіліп отыр. Бұл дегеніміз — салық органдарынан өз әрекеттерін ашық, түсінікті түрде жүзеге асыруды талап етеді. Әр салық төлеуші негізді және нақты түсініктеме алуға құқылы. Бұл қағидат бұзылса — азамат шағымдана алады»,-деді Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төленді Керімбеков.

Жаңа салық кодексі 2026 жылы түбегейлі қолданысқа енеді. Әзірге, өзгерістер туралы халықты құлағдар ету жұмыстары жүріп жатыр. Баяндамашылар айтқан негізгі өзгерістерді саралап, ең маңыздыларына тоқталмақпыз. Жаңа құжатқа сәйкес, келер жылдан бастап қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16% болады. Тұрғын үйді сату мен жалға берудегі ҚҚС жеңілдіктері алынып тасталады. Бұл дегеніміз, келер жылы үй сатсаңыз қосымша құн салығын төлейсіз дегенді білдіреді. Жаңа кодекс бойынша жер телімдерін сатқан кезде ғана қосымша құн салығын төлемеуге болады. Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге 5% ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады. Электронды шот-фактураларға басымдық беріліп, саланы цифрландыру жолға қойылмақ. Осы бағытта «e-Тамға» жүйесі арқылы автоматты бақылау енгізілмек. 2025 жылдан бастап зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы азаматтар декларация тапсырудан босатылады. Шетелдегі мүлкі, банктік шоты, цифрлық активтері бар азаматтар, жеке табысы шетелден түсетін тұлғалар, жалға беруден, инвестициядан табыс табатын адамдар ғана міндетті түрде декларация тапсыруы тиіс.blank Мүлік, жер және көлік салығында да елеулі өзгерістер бар. 10 жылдан асқан автокөлікке 0.7 коэффициент, 20 жылдан асса 0.5 коэфиицент салық төлейсіз. Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық көлемі 40 есеге көбейеді.

Қымбат Досжанова