Қостанай облысының Әділет департаментінде «Мүлік иелері бірлестігін тіркеу және дауыс беру» жаңа онлайн қызмет түрі бар «Управ.дом» мобильді қосымшасы ресми түрде таныстырылды. Мобильді қосымша МИБ-не көшу реформасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған.
«Дербес деректер туралы» заңнамаға сәйкес, барлық ақпарат бақылауда болады. Аталған тың тетікті ойлап тапқан «Управ.дом» мобильді қосымшасының әзірлеушілері айтқандай, енді елімізде мүлік иелерінің бірлестігін смартфондағы батырманы басу арқылы тіркеуге болады. Бұл үшін қосымшаның көмегімен қажетті өтінішті онлайн түрде тапсырса жеткілікті.
«Тұрғын үйдің иелері мен жалға алушылар цифрлы ID жүйесі мен электронды цифрлы қолтаңба арқылы анықталады. Нәтижесінде МИБ тіркеп, оның төрағасын сайлау жөніндегі қорытынды мәлімет бірнеше күнде смартфонға жіберіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған бастаманы қолдайды. Өйткені мұндай ақпараттық жүйелер мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланып, тиісті рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді», – дейді «Управ.дом» GR директоры Әсел Дүйсембаева.
«Управ.дом» жобасын әзірлеушілер жаңа қызмет түрінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сай келетінін және одан өткенін куәландыратын аттестаттың бар екенін атап өтті. Цифрландыруға арналған қосымшада дауыс беруден бөлек, бұл платформада тұрғын үйдің басқа да мәселелерін шешуге септесетін қызметтер де бар.
«Аталған қызметті дайындауда қазақстандықтар үшін дауыс беру мен МИБ-ті тіркеу процесін барынша жеңілдетуді көздедік. Адамдар мұндай мәселелерді тез және ашық түрде шешу тиіс. Сондай-ақ дербес деректер туралы заңнамаға сәйкес жеке мәліметтердің құпиялығын сақтап, бақылау сервисі жолға қойылған», – деді Әсел Дүйсембаева.
Бүгінде аталған мобильді қосымшаны бүкіл Қазақстанның тұрғындары пайдаланып жүр. Бұл 4000-нан астам үйлердіі қамтиды. Қосымшаны AppStore және Google Play платформасынан тегін жүктеуге болады.
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Б. Мейрамұлы.