Қостанайлық оқушы халықаралық екі бірдей олимпиаданың жүлдегері атанды

Қостанайлық оқушы халықаралық екі бірдей олимпиаданың жүлдегері атанды

Алматы қаласында Азия-Тынық мұхиты елдерінің математикадан халықаралық олимпиадасы және математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Осы білім сынағында қостанайлық оқушы биіктен көрінді.

Дәстүрге айналған олимпиадаға еліміздің үздік математиктері күрделі және қызықты есептерді шешу үшін ғана емес, сонымен қатар өзара пікір, тәжірибе алмасу үшін жиналды.
Қостанай облысының атынан дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының екі оқушысы – Жан Даутов (10-сынып) мен Әлихан Саматов  (8-сынып) қатысты.

Әлихан үшін бұл халықаралық олимпиадаларға қатысуда тәжірибе жинақтау болса, ал Жан үшін оның олимпиадалық өміріндегі жаңа белес болды. Өткен жылы «Жібек жолы» олимпиадасында Жан алтын медальға ие болса, ал биыл екі олимпиаданың жүлдегері атанып отыр. Атап айтар болсақ, Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында алтын медальды жеңіп алса,  «Жібек жолы» олимпиадасында  күміс медаль иеленді. Бұл жүлдегер мен тәлімгері Дарын Сейдуалының ортақ жеңісі.

Жаңалықтармен бөлісу