«Ғалым да, шахтер да, бас иетін» үлгілі ұстаз қандай болу керек? Қазіргі заманауи ұстаздар оқушыларға, студентерге білім беріп, топта отырған барлық 25 пен 30 баланы өзіне бағындырып бағдарлама бойынша сабақ беріп қана қоймай, оларды жеке тұлғалық қабілетін дамытуда ерекше көңіл бөліп, өмірге деген оң көзқарастарына бағыт-бағдар беріп шабыттандырып отыратынымен ерекшеленеді. Осы тұрғыда мен өз мамандығының кәсіби шебері, үлгілі ұстаз білім алушының идеясын, ойын, қабілетін ары қарай жоғары дамытуда еңбек етіп жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр Гүлжанат Нұржанды айтар едім.
Әр сабағында түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Біз белсенді түрде ат салысып, сабақ болатын күнді ерекше күтіп отырамыз. Қазақ тілі пәні бойынша «Жастардың кәсіп таңдауы. Мен жастарға сенемін» тақырыбы біз үшін әсер қалдырған сабақ болды. Ұстаздың айтуы бойынша мамандығынан бөлек, бос уақытында сүйікті ісімен айналысып, оны кәсіпке айналдыруға болады. Сүйікті ісімен айналысып одан ерекше ләззат алатын болса, кез-келген ісінде тіпті сабақ оқу мамандық игеруде айырықша шабытпен оқуға болады. Сүйіп жасайтын жұмыстарынфото,бейнеге түсіру алып келуге мүмкіндік болса әкеліп қорғау туралы баяндау үй тапсырмасы ретінде берілді. Бәріміз келесі сабақты асыға күттік, себебі қолымыздан не келетінің көрсеткіміз келді және кім немен айтанысатының білуге асықтық. Күткен уақытымыз келегенде кабинетіміз қол өнерге, түрлі тәттілерге, сурет, мүсінге толды. Діңмұхамбет қана мобилография саласына қызығады екен, туындыларын тамашаладық. Спорттың түр-түрімен айналысатындар да төс белгілерін көрсетіп жатыр. Қалиманың моншақтан тізіп тіккен қол сөмкесі тіпті, көздің жауын алды. Ең қызықтысы қаржылай сауаттануымыз болды, осы тапсырманы көпшілік алдында Құралай мен Аружан пісіріп әкелеген торттың құрамына енетін тағамдарың бағасын есептету, мысалы сатып алынған сүттің литрі 500 теңге болса тортқа қосылған 150 грамының бағасын шығарып, оған торт піскен уақыттағы электр қуатының суммасын қосып, торттың құнын есептеп шығартты. Әрқайсымыз бұрын соңды болмаған есептеуді қызық көріп, таң қалысып есептеуде бір-бірімізге көмектестік. Көбіміз электр қуатының 1 кВт қанша екенін білмейді екенбіз. Осыдан кейін үйдің шамдарын орынсыз жақпауды білдік. Ұстазымыз барлығымызға сүйікті істеріңді бос уақыттарыңда дамытып, тапсырыс алып мәселен, би, домбыра, спорт саласын ұнататындарға айналасындағы қызығушылық танытқандарға үйретіп, шағын кәсіпке айналдыруға мүмкіндіктерің бар деген кеңес берді.
Өз басым озық ойлы, замануи оқытушыдан білім алып жатқаным осы мамандыққа келгенімдегі сенімсіздігімді мүлде жойып жіберді. Менің бос уақытымда өлең шығарып мақала жазу болатын, осы сабақтан соң жазбаларымды баспа беттеріне жариялауды жөн көрдім. Гүлжанат Түйебайқызыныңкүнделікті өмірлік тәжірибемен ұштастыра жүргізген сабақтары бізге әрдайым шабыт пен шаттық сыйлайтын атап өтіп, ұстазыма шығармашалық табыс тілеймін.
Ділназ Сантайқызы,
Қостанай гуманитарлық
колледжінің 1-курс студенті