Түн жарымда құтқарушылардың қауырт желісіне Арқалық қаласына қарасты Жалғызтал ауылының тұрғыны хабарласты. Жоқ іздеген жолаушы ағасының үйге оралмағанын жеткізіпті.
Белгілі болғанындай, 1975 жылы туған азамат 7 қаңтар күні сағат 12:00 –де өзінің қар үстінде жүретін көлігімен жоғалған жылқысын іздеуге шығыпты. Содан, аяқасты боран көтеріліп кетіп, бағытынан жаңылысып қалған.
Дабыл түсісімен төтенше жағдай қызметінің өкілдері жедел қимылдап, іздестіруге өртке қарсы күрес горнизонынан, жедел құтқарушылар жасағынан 1 техника мен 3 адам аттанады.
Іздестіру нәтижесінде, хабар-ошарсыз кеткен мал іздеуші 11 сағат 21 минутта көршілес Ұлытау облысының «Қоскөл» бригадасынан табылды. Мамандардың айтуынша, жоғалған жан аман-есен үйіне жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы