Жағажай жаңа кейіпке енеді

Жағажай жаңа кейіпке енеді

Биыл Қостанайдың қалалық жағажайына жергілікті билік тарапынан ерекше көңіл бөлінгелі отыр. Шаһар басшысы Марат Жүндібаев кезекті аппарат кеңесінде нақты жоспарды белгіледі. 

Жазда қаламыздағы жағажай жайнап сала береді. Үш ай демалысқа шыққан балалар мен олардың ата­аналары суға шомылып, доп ойнап, армансыз асыр салады. Биыл жағажайдағы тіршілік жылдағыдан да жандана түспек. Мәселен, жағайжай аумағында балалар алаңы, келбеті келіскен жазғы дәмханалар, фуд­корт, киім ауыстыру орны, биоәжетхана салу жоспарланып отыр. Жағалауды тегістеу үшін қиыршық құм төселмек.

Аталған жұмыстар тұрғындар мен қала қонақтарының демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалмақ. Сондай­-ақ, қалалықтарды жағайжайға тасымалдау үшін қосымша қоғамдық көлік шығару жайы қарастырылып жатыр. Қала әкімі М.Жүндібаев жағажайды қалпына келтіру ісін алдағы 1­маусымға дейін біржақты ету қажеттігін де тапсырды. Келесі жылдары Триатлон саябағы мен «Шағала» жағажайын абаттандыру жұмыстары пысықталмақ.

­ -Биыл қалалық жағажайдың жағдайын жақсартуға арнайы қаражат бөліп отырмыз. Жағалаудың қоқыстан тазалап, маңайындағы қамысты шауып тастаймыз. Қураған қамысты шауып тастау арқылы аптап ыстықта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Ол жерде қаланың эстетикалық келбетін арттыра түсетін жазғы дәмханалар да болуы тиіс. Бірақ, ішімдік саудасына түбегейлі тыйым салынады. Шәй, кофе, балмұздақ пен тіскебасарларға ғана рұқсат. Халық ешқандай қауіп­қатерсіз демалулары керек, -­ деді шаһар басшысы Марат Жүндібаев.

Қымбат ДОСЖАНОВА.

Жаңалықтармен бөлісу