Жәрдемақыны ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

Жәрдемақыны ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама арқылы жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсету жеткілікті. Осыдан кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.

Яғни ата-аналар жәрдемақыны рәсімдеу үшін арнайы ХҚКО-ға баруға міндетті емес.

Мемлекеттік қолдауға ие болған отбасылар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде 28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екінші орында – Алматы қаласы, мұнда 19 мыңнан астам төлем рәсімделген. Үздік үштікті Астана қаласы түйіндейді: елордада 17 мыңнан астам отбасы біржолғы жәрдемақы алған.

Биылғы жылдың алғашқы 8 айында бұл төлемді еліміз бойынша 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.