KAZINFORM Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) қазір британдық Хамза Ширазға (24-0-1, 19 КО) тиесілі WBO нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алуды көздеп отырғанын хабарлады.
– Ол менің жауым емес. Маған тек оның титулы керек. Мұнда жеке бастың ешқандай мәселесі жоқ, – деген Әлімханұлы Ширазбен бірге түскен суретін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.
Еске салайық, тамыз айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Хамза Ширазға титулын Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекте қорғауды міндеттеген еді.
Белгіленген мерзім ішінде боксшылардың командалары жекпе-жек өткізу туралы келісімге келе алмады. Осыдан кейін жекпе-жек промоутерлік саудаға шығарылды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионымен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Хамза Ширазбен ықтимал жекпе-жекке қаншалықты қызығушылық танытатынын айтқан еді.
