Ертең облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығады. Онда жалпы салмағы 6 тоннадан асатын “Ariel ” және “Tide” маркалы контрафактілік кір жуғыш ұнтақ, жалған есепке алу-бақылау маркасыз “Белая лоза” (1 330 бөтелке), “Талас” (1 508 бөтелке) алкогольді шарап өнімдерін, ілеспе жүк құжаттарын және 20 000-нан астам
жапсырмаларды жою жоспарлануда.
Заттай дәлелдемелерді арту жұмыстары Гоголь 183 және Перронная
16А мекенжайларында жүргізіледі.