Заң жобасы: Жемқорлардың жалпыға жария тізілімі шығарылады

Заң жобасы: Жемқорлардың жалпыға жария тізілімі шығарылады

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында жаңа заң жобалары қаралып жатыр. Олардың бірі — сыбайлас жемқорлықтың жария тізілімін енгізу.

«Бұл — профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты — қоғам алдында айыптау арқылы ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды қалыптастыру. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер енгізіледі. Заңды күшіне енген айыптау үкімі адамдарды тізілімге енгізу үшін негіз болады», — деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәжілістің кезекті отырысында.

Бұл тізілімге ауыр жемқорлық қылмыстар үшін сотталған адамдардың есімдері мен мәліметтері енгізіледі. Заңды күшіне енген айыптау үкімі шыққаннан кейін адам тізілімге қосылады.
Егер сот ақтау үкімін шығарса немесе адам жазасын толық өтеп, соттылығы жойылса, оны тізілімнен шығару мүмкін болады. Жаңа шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Балауса ЖҮНІС

Жаңалықтармен бөлісу