«Заң және тәртіп»: тәртіп сақшылары студенттермен кездесу өткізді

«Заң және тәртіп»: тәртіп сақшылары студенттермен кездесу өткізді

Тобыл қаласында «Заң және тәртіп» шеңберінде құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Жиын барысында аталған мәселелер туралы фильмдер көрсетілді.

Аудандық прокуратура өкілдері мен полицейлер колледжде құқықтық тәлім сағатын ұйымдастырды. Қоғамда күрмеулі мәселеге айналып отырған есірткіге тәуелділік, жастар арасындағы бұзақылық, буллинг, интернет-алаяқтық тақырыптары қаузалды. blankblankОсы кеселдердің себебі мен салдарын ұғындыратын фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ киберқылмыс тұзағынан қорғану амалдары баяндалатын бейнероликтер жастар назарына ұсынылды. Одан соң тәртіп сақшылары студенттерді әңгімеге тартып, түсінген-түйгендерін сұрап, диалог құрысты. blankblankblankБұл кездесудің пайдалы, берер ақпараты мол болғанын жастар да көп алдында жасырмай айтты. Әсіресе, ауызша ақпараттан гөрі оқиғалы видеолар ерекше әсерде қалдырғанын сөз етті. Мәселен, мал дәрігері мамандығының студенті Алмас Азаматұлына «Хулиганка» фильмі ерекше ұнапты.

«Осы фильмді көрген кезде ерекше толқыныста болдым. Бұзақылықтың соңы немен аяқталатыны әдемі жеткізіген. Оқиға екі қыздың танысуына басталып, ұйымдасқан түрде төбелес шығарып, есірткі шегіп, аса бір әдепсіз әрекеттерге барғаны көрсетіледі. Соны қарап отырып, мұндай бейәдеп жастардың болашағы қалай бұзылатынын ойлап, кәдімгідей көңілің жабырқап қалады екен. Ерекше форматтағы кездесу маған өте ұнады. Жастар санасына ықпал ету үшін мұның пайдасы зорырақ екен», – дейді ол.

blankІс-шарада тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың елдегі және облыстағы статистикасын баяндады. Студенттерге кибералаяқтықтан қорғану жөніндегі нұсқаулық ақпарат қағазы таратылды. Осы бағыттағы жиындар әлі де жалғаса беретінін айтты.blankТолығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Суреттерді түсірген – Василий Васильев