Қостанайда республикалық патриоттар форумы өтіп жатыр

Қостанайда республикалық патриоттар форумы өтіп жатыр

Дәуренбек Қабжанұлын Әулиекөл өңірінде білмейтін жан жоқ. Кезінде тыңнан түрен түртіп, Тимофеев кеңшарының еңбек озаты атанған тұлғалардың бірі. Ұлы Мадияр да әке жолын қуып, осыдан жиырма жыл бұрын аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы колледжін аяқтаған.

Бүгінде өз алдына жеке шаруашылық ашып, Сосновтағы ауыл адамдарына қолқабыс етіп, уақтылы шөбін шауып береді. Ата кәсібі егін егумен қатар, мал өсіретін қожалығы бірнеше тұрғынға екі қолға бір күрек тауып беріп отыр. Алдыңғы жылы ұлы Шыңғыс та сол оқу орнына оқу түсіп, қатарының алды болды. Кәсіби мамандықтар арасындағы сайыстың облыстық кезеңіненде топ жарды. Былтыр облыс намысын республикада қорғап, бірінші орын алды. Биылғы патриоттар форумында Кәкімжановтар әулетінің бұл еңбегі ескерілді. Шыңғыс Мадиярұлы ҚР Еңбек ері Сайран Бұқановтың қолынан марапатталды.

Сайран Балкенұлы азаматтың табысты жолы қарапайым жолдан басталатынын мысал етті.

«Мектепте білім ала жүріп, алдыма бір ғана арман қойдым. Жан-жағым қырманға толы болғандықтан ба, диқан болуды мақсат тұттым. Жоғары оқу орынын аяқтап, ғалым агроном мамандығын алып шықтым. Бөлімше агрномы болып, бас маман болуды армандайтынмын. Алайда, Еңбек ері болуды бір сәтте ойлаған емеспін, ол атақ еңбек еткен адамға өздіген келетінін уақыт түсіндірді. Осы жерде тағы айтарым, үлкен тұлғалардың жолы қарапайым еңбек жолынан басталған. Бастысы кәсібіңді ынтамен зейін қойып орындауыңда», – деп кеңес берді Еңбек ері.

Сондай тұлғалардың бірі – Астанадан осы форумға арнайы келген Парламент  Мәжілісінің  депутаты Олжас Құспеков. Олжас Хайроллаұлы да  колледж студенті болып, еңбек жолын колледжде өңдірістік оқыту шебері ретінде бастаған. Кейін  директордың орынбасары,  Кәсіпқор Холдингінде департамент директоры, Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығында бас директор болып еңбек етті. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Қарап отырсаңыздар,  еңбек жолы өнегеге толы. Жас маманнан, түрлі сатылардан өту үлкен тәжірибе берді. Қазір сіздерде мүмкіндік жоғары. Өндірістік ортада кәсіп бастағалы отырсыздар. Республикалық патриоттық форумның Қостанайда өтуінің де бірден-бір себебі осы», – деді депутат.

Халық қалаулысы А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік универститетінің биология, экология, химия кафедрасының оқытушысы Елена Симанщукты марапаттады.

blank

«Бүгін мен әр өңірден  жастардың келегеніне қуанып отырмын. Дәл қазір еліміздің барлық күшін көріп отырғандай сезімдемін. Патриотизм әрқашан әрекетпен келеді. Өзім стартап жүйесін бірнеше жылдан бері ретке келтіруді қолға алдым. Бұл да болса, Смарт орталығымыздың жемісі. Біздің жұмысымыз экономикаға үлес қосқанына көзім жетті. Бәсеке қабілеті жағдайда қауіпсіздікті жолға қоя алдық. Тыңайтқыштарды зерттеп, егістіктерімізге тиімді қолдануды ұсындық. Соның арқасында өсімдіктер үшін жел эрозиясы ұмыт бола бастады», – дейді оқу орын ұстазы.

Республикалық патриоттар форумына республикамыздың бес өңірінен жастар келді. Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан болашақ жұмысшы мамандық иелері  қатысып, қолдау білдірді.

blank blank blank blank

Жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.

blank

«Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылын жариялай отырып, елдің дамуы ең алдымен білікті еңбекке сүйенеді  деген ойды айрықша атап өтті. Біз бүгін еңбектің қадірін бағалап, кәсібилікті дәріптеу арқылы қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтерудеміз. Қостанай өңірі ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығымен танылған аймақ болып келсе, қазір қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік, индустриалды орталыққа айналуда. Кәсіпорын, зауыттар ашылып, инфрақұрылым кеңеюде. Биыл облысымызда технологиялық KIA зауыты іске қосылды. Бұл компанияның Оңтүстік Кореядан тыс жырде жеке инвестициялық ірі өндірістік жобасы», – деп атап өтті Бақытжан Нарымбетов.

Жобаға жалпы 131 млдр теңге көлемінде инвестиция тартылған. Құрғақ порт салу жобасы логистиканың дамуына күшейтіп, халықаралық бағыттардың маңызын арттыра түсіргелі тұр.

blank blank

Осындай өзгерістер жергілікті жоғары оқу орындары мен  колледждердің алдына міндеттер жүктейді. Өңірге технологтар, логистер, құрылыс мамандары, көлік саласының білікті кадрлары қажет.

Өңірдің жаңа қарқынды эконмикасына сай кадрлар даярлау бүгінгі күннің аса маңызды талаптарына айналып отыр. Қазір обылсытың өзінде 22 мың жас жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатса,  олардың дені дуалды оқыту жүйесінде, өндірісте тәжірибе алмасумен жүзеге асырылуда. Бұл білікті маман даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі.

Айбек ЖҮЗБАЙ