Газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат құлап қалды

Газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат құлап қалды

Бүгін түске таман Қостанай қаласы Амангелді елді мекеннің Энергетиктер к-сі 1 мекенжай аумағында газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға салдары бір қабатты ғимараттың толық құлауына алып келді. Үйінділердің астында 7 адам қалды деген болжам айтылып отыр.

Зардап шеккен аймаққа облыс әкімі Құмар Ақсақалов барып, жағдайдың жай-жапсарын білді.

Дәл қазір жедел штаб жұмысын жалғастыруда.

Жаңалықтармен бөлісу