Жылдағы құбырларды тексеру шаралары мамыр айынан қолға алынбақ. Осыған байланысты мамырдың онынан ыстық су беру жұмыстары алма-кезек уақытша тоқтатыла бастайды.
Әуелі орталық жылу қазандығы мен үшінші жылу қазандығының аумағы, “Әуежай”, “Береке”, “Юбилейный” шағын ауданы ыстық судан алғашқылардың бірі болып ажыратылады. Алдында аталған қос нысанға ыстық су алтыншы маусымда беріледі. Шағын аудандар мамыр айының он сегізіне дейін ыстық суды қайта пайдалана алатын болады. КСК шағын ауданындағы екінші жылу қазандығының аумағы маусымның жетісінде ыстық судан ажыратылып, он екісінде қайта пайдалана алатын болады.