24 мая, 2025
Ыстық су болмайды ult.kz

Ыстық су болмайды

Мамыр айының 12-нен маусым айының 11-не дейін қаланың аудандарында ыстық су өшіріледі. Себебі жылу желілерін жоспарлы гидравликалық сынақтан өткізеді.

Бұл іс жыл сайын міндетті әрі тұрақты өткізілуі қажет. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылу желілері осылай тексеріледі.

Осы кезеңде қаланың орталығындағы 972 көпқабатты тұрғын үй 12 мамырдан 2 маусымға дейін 20 күннен артық уақытқа ыстық судан ажыратылады.

Әрі қарай 2-9 маусым аралығында КСК ауданында ыстық су болмайды. Қонай, Юбелейный, Әуежай шағын аудандарында ыстық су 18-29 мамыр аралығында сөндіріледі. Ал Берекеде 2-3 маусым күндері ыстық су болмайды. Алтын арман ауданындағы тұрғын үйлер 9-11 маусым аралығында ыстық судан ажыратылады.

Шағын қазандықтар қызмет көрсететін аудандар тек екі-үш күн су болмайды. Ал орталық және №3 қазандықтарында жөндеу жұмыстары ауқымды болғандықтан ұзақ мерзімге ыстық судан ажыратылады.

Сералы МЫРЗАБАЙ