Жуырда он жылдан бері елге қолдау-көмек көрсетіп келе жатқан денсаулық пойызы Алматы қаласынан Қостанайға жолға шығады.
Он жылдан астам уақыт бойы “Медициналық пойыздар” жобасын Денсаулық сақтау министрлігі, Samruk-Kazyna Trust қоры, “Қазақстан Темір Жолы” ҰК АҚ жанындағы “әлеуметтік жобалар қоры” жүзеге асырып келеді. Мақсат – шалғай өңірлердің тұрғындарын білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Бағыт Алматыдан басталады. Кесте бойынша 5 желтоқсанға дейін 112 станцияда 80 мыңнан астам қазақстандыққа кеңес беру және көмек көрсету жоспарлануда.
Тұрғындар терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатрды қоса алғанда, тегін тексеруден және емдеуден өте алады. Пойыз заманауи медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған.