WorldSkills Shanghai 2026: Қазақстан құрамасы әлемдік додада

WorldSkills Shanghai 2026: Қазақстан құрамасы әлемдік додада

Қытайдың Шанхай қаласында WorldSkills Shanghai 2026 әлемдік кәсіби шеберлік додада Қазақстан намысын 33 жас маман қорғап, 31 құзыреттілік бойынша өз шеберлігін әлемнің үздік қатысушыларымен сынайды.

Жас мамандар мехатроника, CNC технологиялары, инженерлік графика, бағдарламалық және мобильді қосымшаларды әзірлеу, электроника, дәнекерлеу, мобильді робототехника, электромонтаж, өнеркәсіптік дизайн, аспаздық, автокөліктерді жөндеу, ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері секілді заманауи әрі сұранысқа ие бағыттар бойынша шеберліктерін көрсетпек.

Биылғы чемпионатқа 70-тен астам ел мен өңірден 1400-ден астам жас маман қатысып, 64 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберлігін көрсетеді.

Қазақстан үшін бұл – жастардың халықаралық деңгейдегі білімі мен кәсіби дағдыларын танытып, әлемдік тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.