Уақыт көшінен озу: жасампаз жауапкершілік манифесі

Уақыт көшінен озу: жасампаз жауапкершілік манифесі

Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбаты — Қазақстанның құрғақ статистикаға емес, шынайы әділдікке негізделген «терең жаңғыру» кезеңіне өткенінің айқын белгісі.

«Жақсылық жасау – салық емес, абыройлы міндет». Президенттің бұл сөзі еліміздің болашағына деген көзқарасының басты кілті іспетті. Әділетті Қазақстанда ұлттық бизнес бюджетті толтырудың көзі ғана емес, халықтың толыққанды тірегіне айналуы тиіс. Президент сонау бастан осы бизнестің аяққа тұруына мүмкіндік берген халықтың алдындағы жасампаз патриотизм мен саналы борышты сезінетін ұлттық буржуазияны қалыптастыру қажеттігін әділ айтып отыр.

Бүгінде бұл әділдікке барар жол оңай емес екенін көріп отырмыз. Қоғам мен кәсіпкерлер ортасында жаңа реттеу тетіктері төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Алайда дәл осындай сәттерде Президенттің: «Жаңа Салық кодексі бақылаудан серіктестікке ауысуды көздейді», — деген ұстанымы барлық билік тармақтары үшін нақты бағдар болуы тиіс. «Respublica» партиясы Мәжіліс алаңында бұл серіктестік қағаз жүзінде қалмай, шынайы өмірде іске асуы үшін іскерлік пен ақыл-ой мүддесін қорғай отырып, аталған процеске белсенді қатысуда.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қолдауды бөлудегі қалыптасқан жүйені сыни тұрғыдан бағалауы үлкен қолдау тауып отыр. «Жеке бизнесті іс жүзінде мемлекеттің мойнына іліп қоюға болмайды» деген сөзі нысанаға дөп тиді. Қарапайым азаматтар қызмет сапасының жақсаруын күтіп отырғанда, бюджет қаржысының элитарлық мектептер мен клиникаларға кетіп жатқан олқылықтарын көріп жүрміз. Бұл, мемлекет ақшасы жекелеген топтардың аса пайда табуына емес, әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуі тиіс деген әділ талап.

Президент өмір салтымызға білім мен кәсібилікті қайтаруды ұсынады: «Оқу мәдениеті жоғары елдер жаһандық прогрестің алдыңғы шебінде қалады». Бұл, болашақ TikTok-арналарда емес, өндіріс орындарында, зертханаларда және оқу аудиторияларында қаланатынын бәрімізге еске салу. Бүгінгі күннің нағыз қаһарманы — жасампаз «Еңбек адамы».

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты реформалардың бір реттік науқан емес, мәселені өз атымен атауға батылдық қажет ететін процесс екенін дәлелдеді. Бүгінгі ортақ міндетіміз — мемлекет мүддесі мен ұлттық байлықты жасаушылардың қажеттілігі арасындағы теңгерімді сақтау. Өйткені өзара сенім мен жауапкершілік арқылы ғана біз парасаттылыққа негізделген экономиканы құра аламыз.

Манара Мадинина «Respublica» партиясы

Қостанай облыстық филиалының төрағасы