Ұзынкөл ауданының бірнеше ауылдары сапалы ауыз сумен қамтылады

Ұзынкөл ауданының бірнеше ауылдары сапалы ауыз сумен қамтылады

Ұзынкөл ауданының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 12 млрд 966 млн теңгені құрайды. Осы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға бюджет қаражатынан 951,8 млн теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында брифингте аудан әкімі Азамат Аужанов журналистерге баяндап берді.

«Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Ұзынкөл ауданында жоспарлы түрде жүргізілуде. 2019 жылдан бастап Ершов ауылында су құбыры тартылып жатыр. Жобаның қуаттылығы 30,9 шықырым. Сондай-ақ, тағы Троебратское, Сатай және Сокол ауылдарына ауыз су беріледі. Салынып жатқан магистральдық су құбырының қуаттылығы – 48,8 шақырымды құрайды. Пресногорьков ауылының тұрғындары да сумен қамтамасыз етіледі. Су құбыры желісі 50,8 шақырым», – деді аудан әкімі Азамат Аужанов.

Нәтижесінде, 13 740 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Осы жылдан  бастап Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Новопокровка ауылында су құбыры құрылысының екі жылдық жобасы басталды. Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылында су құбыры тарату желілерін салу жобасы бойынша құжат әзірлеуге “MS Industrial” ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Жобалық сметасы әзірленіп, сараптамаға да берілді.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу