Ұзынкөл аудандық ауруханасы  қайта жаңартылмақ 

Ұзынкөл аудандық ауруханасы  қайта жаңартылмақ 

Бұл туралы аудан әкімі Азамат Аужанов өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәсихатында айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жобаны 1 млрд 283,1 млн теңгеге бағалап отыр.

“Қазіргі уақытта құрылыс басқармасы ғимаратты күрделі жөндеудің   реконструкциясын өзгертуді қолға алды. Осы  мақсатта сметалық құжатқа  түзету  жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді аудан әкімі.

Осы  жылы “270,0 млн теңге сомасына дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жылы ауысатын жабық хоккей кортының құрылысы басталған еді.  Жобалық сметалық құжатта құрылыстың келер жылы аяқталатыны көрсетілген.

Жалпы сметалық құны 552,7 млн теңгені құрайтын Троебрат ауылының демалыс орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Екі жылдық жобаның мердігері – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан келген “ARKANTOR” ЖШС.

Жаңалықтармен бөлісу