Ұзынкөл ауданында 2010–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спорт түрлерінен Қостанай облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған жарысқа облыстың әр өңірінен 15 команда қатысып, ұлттық спорт түрлері бойынша өзара мықтыны анықтады.
Асық ату спортынан жарыс қорытындысы бойынша І орынды Меңдіқара ауданының спортшысы Нұрдиас Өмірзақ, ІІ орынды Меңдіқара ауданынан Диас Кімбаев, ІІІ орынды Рудный қаласының өкілдері Арман Пірәлиев пен Азамат Қобыланды иеленді.
Бес асық спортынан І орынды – Қостанай қаласынан Алена Комар, ІІ орынды – Ұзынкөл ауданының спортшысы Ксения Ядришникова жеңіп алды. ІІІ орын Қостанай қаласынан Венера Рүстемқызы мен Екатерина Тесленкоға бұйырды.
Жарыс нәтижесінде үздік атанған спортшылар алдағы Қазақстан Республикасы чемпионатында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары @urazbayev_86 қатысып, спортшыларға медальдар, кубоктар және мадақтамалар табыстады.
Сонымен қатар, Қостанай қаласындағы Қазақ тағамдар орталығы @bauyrdaq.kst тарапынан бірқатар қатысушыларға арнайы сертификаттар сыйға берілді. Атап айтқанда,
Гүлнара Сұлтанғазина, Милана Ярмаленко, Бекзат Нұрқалиев марапатталды.
Ұлттық спортты насихаттауға бағытталған бұл чемпионат жасөспірімдердің шеберлігін шыңдап, асық ойындарын дамытуға серпін берді.
Ұзынкөл ауданы
