6697 әскери бөлімнің жеке құрамы Ұлттық ұланның құрылған күні мерекесін салтанатты жиынмен атап өтті. Бірлесіп қызмет атқаратын күш құрылымдары атынан жеке құрамды құттықтау тілектерді бөлім командирі полковник Т. Әбдіров қабылдады.
Облыс әкімі атынан жауынгерлік дайындықта жақсы нәтижелер көрсетіп, өзінің патриоттық көзқарасы мен жоғары деңгейде сарбаз тәрбиелеп жүрген барлық командирлер мен үлгілі сарбаздарға алғыс хаттар табысталды.
Жалпы салтанатты іс-шара “Мирас” мәдениет үйінің кең залында өнерпаздар мен әскери оркестрдің өнелерімен жалғасты. Шақырылған қонақтар еліміздің тыныштығын күзетіп тұрған тәуелсіздік кепілі Ұлттық ұланның бұдан әрі қарай жұмыстарына сәттілік тілеп, Отан қорғаушыларды осынау айтулы мерекеде тек жеңістерге жете беруілерін тілеп жатты.