Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында еліміздің бірнеше азаматы марапатқа ие болды. Олардың арасында қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренко да бар.
Ол 2023 жылы Алматы қаласында өзге ұлт өкілдері әскери қызметшілері арасында өткен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» байқауының жеңімпазы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Шапағат» медалімен марапатталған.