«Мирас» мәдениет үйінде «Достық әнін шырқайық» атты екі жұлдыз байқауының қорытынды үшінші кезеңі өтті. Қатысушылар түрік, башқұрт, грузин, өзбек және орыс тілдерінде ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.
Әділқазылар алқасының шешімімен үш кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары ұпай жинаған жүлделі бірінші орынды 6697 ұлттық әскери бөлімінің әскери қызметшілері Э. Сапабекова мен А. Дудина жеңіп алса, екінші орынды «Транстелеком» мамандары А. Казбагорова мен Д. Муканова иеленді. Үшінші орынға башқұрт тілінің тыңдаушылары Д. Дик және А. Кожахметова лайық деп танылды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Қ. Атамұратовтың арнайы дипломдарымен, алғысхаттарымен және сертификаттарымен марапатталды.
Бұл іс-шара облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларының арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылғанын айта кетейік.
Тимур Қайратұлы
Суреттерді түсірген Жанболсын Ноғаев