7 мамыр, Отан қорғаушылар күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен қауіпсіздігін қорғаушы ержүрек азаматтарға арналған мереке. Бұл күн – өткен тарихымызды еске алып, болашақ ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыратын ерекше маңызды дата.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы – ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздіктің сенімді қалқаны. Тәуелсіздік аспаны астында құрылған күнінен бастап ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік маңызы бар нысандарды қорғау, төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсету секілді аса маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Бүгінде Ұлттық ұланның әрбір сарбазы мен офицері елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің кепілі. Олар өздерінің қажырлы еңбектерімен Тәуелсіз Қазақстанның ең қымбат құндылықтарын – тыныштық пен қауіпсіздікті қорғайды.
Осы орайда Қостанай қаласында орналасқан 6697әскери бөлімінің тәрбиелік бағыттағы іс-шараларыжеке құрамды қазақстандық патриотизм рухында, Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілікке, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауға әзірлікке, әскери қызмет міндеттерін үлгілі орындауға бағытталатынын айта кеткеніміз жөн.
Бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік даярлық, құқықтық тәртіпті нығайту, қырағылық және ұдайы жауынгерлік әзірлік пен қатар әскери жолдастықты нығайту бағытында білімдерін ұдайы жетілдіріп, жоғары деңгейде кәсіби шеберліктерін көрсетіп жүр. 2024 жылғы Ұлттық ұланның әскери бөлімдері арасындағы қызметтік-жауынгерлік әрекетінің қорытындысында біздің әскери бөлім үздік атанып, алдағы уақытта жазғы оқу кезеңінің нәтижесі бойынша күз айында инспекторлық тексеріске тартылады. Бұл дегеніміз — әскери қызметшілердене шынықтыру, жауынгерлік даярлық және қару-жарақпен жұмыс істеу дағдыларынодан әрі күшейтіп, білімдерін арттырады.
Осы сияқты жаттығулар арқылы сарбаздарымыз өздерінің шеберліктерін көрсетіп, ел алдындағы жауапкершіліктерін сезінеді. Әскери шеберлікті шыңдау мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық және республикалық жарыстарда Ұлттық ұланның жауынгерлері жүлделі орындарды иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатуда.
Ұлттық ұлан сарбаздарының отаншылдық рухы – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Әрбір сарбаздың бойында отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру арқылы біз болашақ ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, еліміздің дамуына үлес қосамыз. Отаншылдық – бұл тек әскери қызметшілердің ғана емес, әрбір азаматтың жүрегінде болуға тиіс қасиет.
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі. Бұл қос мерекенің қатар келуі жайдан-жай емес. Мерекелерді жақындастырып, ажырағысыз етіп тұрған ұғым, ол – ерлік. Ұлы Отан соғысы аталатын сұрапыл жылдарда Жеңіске оңайлықпен қол жеткізбеді. Ұлы Жеңіске үлес қосқан майдангерлеріміздің ерлігі біздің жауынгерлерді отаншылдық, патриоттық сезімге баулиды. Қазіргі бейбіт замандағы міндет – сол сезімді, сол қасиетті жастар бойына дарыту. Бүгінгі күні Қазақ елінің Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етіп жатқан әскерилеріміз ата-бабалар аманатына адал болуға тиіс. Ерлік пен қаһармандықтың, қайсарлық пен өжеттіктің Отан қорғаушыларымызға өнеге болғанын қалаймыз. Біз ұранды ерлердің ұрпағымыз. Олай болса бүгінгі ұрпақтың жігерлі әрі намысшыл, арлы болмауға хақысы жоқ.
Біз Отан қорғаушылардың ерлігіне бас иеміз. Ел қорғаны болу – үлкен мәртебе әрі қасиетті міндет. Барша әскери қызметшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат және абыройлы қызмет тілейміз!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Ардақ Көпеев,
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы
«Орталық» өңірлік қолбасшылғы
6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары
подполковник