Ұлттық ұлан әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі ашылды

Ұлттық ұлан әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі ашылды

Қазір 6697 әскери бөлімінде  ұландықтар қала бойынша жан-жақты дайындықты сандық және сапалық тұрғыдан нығайту міндеттерін орындап жатыр. Құқықтық тәртіп әскерлері бөлім аумағында салтанантты шеру мен оқу-тәжірибелік іс-шарасын ұйымдастырды.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Ескендір Сараубеков   мерзімді және келісім-шарт бойынша қабылданған әскери қызметшілермен  жылдың шымылдығын ашып, сабақ өткізді.

“Күнделікті жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскерді жұмылдыру үшін тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырудың маңызы зор. Дайындық бағдарламасындағы  бұл сабақтарда  Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне қойылатын заманауи талаптарды ескерілген. Жарты жылдық қысқы оқу кезеңінде бұл сабақтар апта сайын жалғасатын болады. Отанның берік қорғаны болатын әскери қызметшілерді жауынгерлік дайындық бағдарламасын толықтай меңгеріп, шеберліктерін шыңдауға ықпал ету, әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу оқу кезеңдерінің басты міндеті”, – деді  Ескендір Өмірбайұлы.

Сабақ барысында әскери қызметшілерге Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының экономикалық сұрақтарға қатысты тармақтары мен  Қазақстанның 2023 жылғы даму бағдарының қорытындыларын баяндады.

Нұржан Ержанов,

Материалдық және техникалық

қызмет ету ротасының командирі,

аға лейтенант.                         

 

Жаңалықтармен бөлісу