Ұлттық құрылтай һәм Қазақ тілі

Ұлттық құрылтай һәм Қазақ тілі

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да тіл түйткіліне тоқталды. Президент мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу мемлекет саясатының басты бағыты екенін атап өтті. Президент: “Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында. Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек», – деді Мемлекет басшысы. Президент халықаралық “Қазақ тілі” қоғамын да ерекше атап өтті. Рауан Кенжеханұлы бастаған ұйымның «Qazaq tili» эндаумент қорын құру туралы ұсынысын қолдағанын айтты. Ал, еліміздің жайсаңдары бұл игі жақсы бастаманы жалғастырып әкетті. Тілімізге қамқорлық танытан жандарға ерекше ризашылылығымды білдіремін деді. Мен де Қостанай облысының тіл жанашыры азаматтары қорға қомақты үлес қосады деп сенемін. Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы көптеген ірлегі істерге мұрындық болып келе жатыр. Былтырдың өзінде Қостанай облысында ірілі, ұсақты 50-ге жуық іс-шара ұйымдастырдық. Соның ең негізгісі әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында Рудный қаласында төрт іс-шара өткіздік. Олардың ішіндегі өзектісі Рудныйдан оншақты мұғалім мен оқушы, музей қызметкерлерінен құралған топты Ахмет Байтұрсынұлының жеріне экспедициямен алып бардық. Аймақтық семинар, конференция болды. Соңы форуммен қорытыланды. Биыл да бірнеше ауданда ізгі іске мұрындық боламыз деген жоспарымыз бар.

 

Заңғар САНАЙ

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының

Қостанай облыстық филиалының төрағасы

“Құрмет” орденінің иегері

Жаңалықтармен бөлісу