Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ шығарылды

Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ шығарылды

2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр — 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Сондай-ақ 2025 жылдың төрт айында елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталды, сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы — 15,4%.

Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (1,5 мың. Т), Қырғызстан (1 мың. Т) және Түркия (0,3 мың. Т) кіріп отыр. Сонымен қатар балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларус және Италия елдерінен әкелінген.

Аталған төрт айда балмұздақ экспорты 41,6% өсіп, 4,3 мың тоннаны құрады. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.