Үш тәуліктен кейін табылды

Үш тәуліктен кейін табылды

Полицейлер далада адасып кеткен ауыл тұрғынын іздеп тапты, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының тұрғыны жоғалғаннан тура үш күн өткен соң өз туған күнінде табылды. Аудандық полиция бөліміне “Алтынсарин” ЖШС бригадасының басқарушысы дала тұрағында күзетшісінің жоғалып кеткені туралы хабарламамен жүгінген. Сол түнде өзін нашар сезініп, медициналық көмекті күтпестен ауылға өз бетінше жетуге шешім қабылдаған. Алайда қараңғыда ер адам бағдарын жоғалтып алған. Қазіргі уақытта аудандық ауруханада медициналық көмек көрсетілуде.

“Ағзасы күйзеліске ұшырап, шаршағанымен өміріне аса қауіп жоқ” дейді тәртіп сақшылары.

Жаңалықтармен бөлісу