Үлкен өмірге жолдама алды

Үлкен өмірге жолдама алды

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің 250-ге жуық түлегі бүгін үлкен өмірге қанат қақты.

Экономика және IT, агрономия, инженерия мен көлік саласы бойынша білім алған жас мамандарға салтанатты түрде диплом табысталды.

Түлектерді оқу ордасының академиялық даму жөніндегі проректоры Жұлдыз Орынтайқызы Ошақбаева құттықтап, алған білімдерін ел игілігіне жұмсап, жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Мерекелік шараның ерекше сәттерінің бірі – оқуда озат болып, қоғамдық өмірге белсене араласқан түлектерге дипломмен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының арнайы данасы табыс етілуі болды.

blank blank

Үздік диплом иегері, «Экономика» білім беру бағдарламасының түлегі Аружан Даулетназарова студенттік шақтың өзі үшін жарқын естелікке айналғанын айтты.

blank

«Жеке өзім үшін студенттік өмірдің төрт жылы өте жарқын, қызықты әрі ұмытылмас кезең болды. Университетте жаңа орта тауып, өзімді көшбасшы әрі белсенді студент ретінде таныта білдім. Бағалы тәжірибе жинақтап, болашаққа нық қадам басуға қажетті білім мен тәрбие алдым», – дейді жас маман.

Бүгінгі түлектер – білім мен тәжірибені ұштастырып, еңбек нарығында өз орнын табуға дайын жаңа буын. Ақ жол, жас мамандар!

Шұға ҚОҢҚАБАЙ