Ол жайында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында айтылды. Үкімет басшысы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету ұзақмерзімді жоспарлауды, ресурстық базаны кеңейтуді және стратегиялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.
«Мемлекет басшысы экономиканың орнықты дамуы үшін заманауи энергетикалық инфрақұрылым, ішкі нарықты энергия ресурстарымен сенімді түрде қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажет екенін әрдайым атап көрсетеді. Бұл міндеттер толығымен газ саласына да қатысты. Себебі ішкі тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. Өткен жылы 20 млрд текше метрге жетті. Президент қойған міндеттерге сәйкес, Үкімет газ саласын дамытудың кешенді және Перспективалы жаңа кен орындарын игеру жоспарларын бекітті», — деді Премьер-министр.
