Күрес түрлерінен Таиландтың Паттайя қаласында өткен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) алтын медаль алды.
Күміс медаль Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін), Самир Дурсуновқа (97 келіге дейін) бұйырды
Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін), Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін) Қола медальға қол жеткізді.
Әйелдер күресінен Жаңыл Бекен (65 келіге дейін) мен Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін) Күміс медаль иеленсе, Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін), Айжан Мұратбай (59 келіге дейін) қола медаль ұтты.
Грек-рим күресінен Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін), Әлихан Тағаев (87 келіге дейін) күміс медальді қанжығасына байлады.
Қола медальді Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін), Максим Украинцев (97 келіге дейін) жеңіп алды.
