Үйден оқытылатын балаларға білім беру

Үйден оқытылатын балаларға білім беру

Тәрбие үрдісі негізінде баланы оқыту, дамыту – көп жылдар бойы көптеген ғалым, психологтардың, мұғалімдердің пікірталасын тудырып келеді. Және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей тұрған мәселе. Әрбір ата-ана өз баласының дені сау болып, мектеп табалдырығын уақытында, өз құрдастарымен қатар аттағанын қалайды. Ал мұндай мүмкіндік бұйырмаған балалардың бабын табу оңай емес. Оларды қоғамға бейімдеп, білімділер қатарына қосуда арнайы мамандардың ықпалы зор. Үйден оқыту ата-ана үмітін еселей түседі. Бұл жұмыс Білім және ғылым министрлігінің «Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы» ережесіне сәйкес жүзеге асып келеді.

Қаладағы №16 жалпы білім беретін мектебінде заң шеңберінде баланы үйден оқытатын педагог мамандарымен балаларды оңалту, тәрбиелеу мен оқыту, әлеуметтік қолдау көрсету және қатарға қосу мақсатында жұмыс жасалуда. Психологиялық- педагогикалық бағыттағы әдебиеттерде, теориялық материалдарда көрсетілгеннен баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Олар: биологиялық фактор, әлеуметтік немесе қоршаған орта, тәрбие яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда әрбір баланың педагогикалық, психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін емес. Балаларды бірыңғай бөліп, даралап тастауға тағы болмайды. Олар құрдастарымен белгілі уақытта кездесіп, бірге танымдық ойындар ойнағаны жөн.

Үйден оқылатын оқушыға оқу үдерісінде төмендегіндей әдістерді қолдаса, жоғарғы нетижеге қол жеткізуге болады. Оқушының денсаулығын жеңілдете отырып, баланы жалықтырып алмас үшін қозғалу стратегиясын сын тұрғысынан ойлау мен жазу дамыту, ассоцациялау әдістерін жиі пайдалануға болады. Осылардың ішінде бастауыш сыныптың үйден оқытылатын оқушыларына білім беру мен оқутыда дидактикалық ойындардың манызы зор. Бұл ойын түрлеріне дидактикалық сипат беріліп, білімдік, тәрбиелік мақсат көзделіп, іріктелініп алынады.

Дидактикалық ойлау мақсат – оқушының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра отырып, тақырыпты берік меңгеру. Әрбір мұғалім сабақ барысында қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын сабақ мазмұнына, мақсатына сай аяқтап, баланың денсаулығы көтеретіндей етіп, таңдап алады. Өйткені ойын түріндегі сабақ үйден оқытылатын балалар үшін қызықты және оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану арқылы дидактикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып, қызықтыруға, сабаққа белсенділігін арттыруға, алған білімін жинақтауға көмектесе аламыз. Ойын элементтерін қолдана отырып өткізілген сабақтарда жаттығу жұмыстары баланың сөз байлығын көбейтіп, ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейтіп, білім сапасын, өмірге деген қызығушылығын тереңдете түседі.

Жұлдызай ГАЛИУЛЛИНА,

Қостанай қаласы №16 ЖББ

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жаңалықтармен бөлісу