Сарыкөл ауданында 5 адам мінген жеңіл көлік жолдан шығып, қарда батып қалған. Оның екеуі бала.
ТЖМ құтқарушылары көлікті қардан тартып шығарып, оларды жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖМ әрдайым ескертуге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.