Туу туралы куәлікті тіркеу, аты-жөнді өзгерту құжаттары қанша тұрады?

Туу туралы куәлікті тіркеу, аты-жөнді өзгерту құжаттары қанша тұрады?

 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері орындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаларын бекіту туралы» Цифрлық даму министрінің бұйрығы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстарына мына бағалар белгіленеді:

1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу – 8 433 теңге;

2. Қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу – 8 252 теңге;

3. Бір жасқа толған және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп алған жағдайда) – 8 698 теңге;

4. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу – 8 603 теңге;

5. Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 525 теңге;

6. Бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 337 теңге;

7. Шетел азаматтары асырап алған кезде дербес деректердің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 649 теңге;

8. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу – 9 667 теңге;

9. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 714 теңге;

10. Өлімді мемлекеттік тіркеу – 8 833 теңге;

11. Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 9 189 теңге.

Қызметтердің тізімі және олардың құны туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады. Ескеретіні: бұл бағалар – тек 1 құжат үшін.

Бұйырық жобасы 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Жаңалықтармен бөлісу