Полиция жанармай карталары туралы хабарламалар жалған екенін ескертеді

Полиция жанармай карталары туралы хабарламалар жалған екенін ескертеді

”Instagram” желісінде автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және "Газпром"сияқты компаниялардың жанармай карталары ұсынылғаны жайлы ақпарат пайда болды.

Сатылым Қостанайда тіркелген шынайы компания атынан Telegram арқылы жүргізіледі. Алайда, ашық деректерге сүйенсек, аталған компания өрт сөндіргіштерді толтырумен айналысады және жанармай саудасына қатысы жоқ.

Сонымен қатар, 2Gis қызметінде тіпті жанармай карталарын алу үшін компанияның кеңсесіне келіп, ол жерден картаны таппағаны жайлы пайдаланушының пікірі бар.

Айта кету керек, Helios, Qazaq Oil және "Газпром" ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған.

Дереккөз: @polisia_kostanay

Жаңалықтармен бөлісу